Өскеменде оңай олжаға кенелгісі келген бойжеткен темір торға түсті
ШҚО Полициясы есірткі саудасына қатысы бар тағы бір өрімдей қызды қамауға алды

Бойжеткеннің қолсөмкесінен жарты келіге жуық мефедрон шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын жеткізуші курьер болып жұмыс істеген 2005 жылғы бойжеткенді анықтап, ұстады.
Сараптама қорытындысына сәйкес жеке тінту барысында ұсталған азаматшаның қол сөмкесінен 400 граммнан астам "мефедрон" есірткі заты табылып, тәркіленді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу, соның ішінде мессенджерлер арқылы сауда жасау қатаң қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.