Өскеменде түрлі түсті қар жауды
Алдыңғы күні облыс орталығында кей жерлерде түрлі түсті қар жауды - өнеркәсіптік аймақтарда қызғылт, бір жерде сары түсті

Облыстық Экология департаменті зерттеу жүргізіп, қар жамылғысының түсі не себепті өзгергенін анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Экология департмаенті оқиға орнынан қар сынамасын алып, зертханаға жіберген.
Зерттеу нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асу фактілері анықталған жоқ, - деп мәлімдеді экологтар. - Алдын ала мәліметтер бойынша, қар түсінің өзгеруі ауа массалары арқылы шаң мен құм бөлшектерінің тасымалдануымен байланысты болуы мүмкін. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 10–11 қаңтар аралығында қалада секундына 15–20 м/с-қа дейін жеткен солтүстік-батыс бағыттағы жел байқалып, бұл ауадағы қалқыма бөлшектердің қар жамылғысына шөгуіне ықпал еткен.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай табиғи құбылыс бұған дейін 2018 және 2021 жылдары тіркелген.
Жағдай уәкілетті қызметтердің бақылауында. Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жалғасуда.