Биыл Өскеменде былтырғыдан көп көше жолы жөнделеді
Негізгі назар әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға, негізгі көшелердегі көлік жүктемесін азайтатын жолдарға, сондай-ақ қолданыстағы жолдарды кеңейтуге аударылады

Кезекті аппарат отырысында қала әкімі Алмат Ақышов биыл жөнделетін жол көлемі былтырғыдан кем болмауы керек деген тапсырма берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кету керек, 2025 жылы облыс орталығында 42 шақырым жол жөнделген.
Өтепов көшесіндегі №47 "Нұр Орда" мектебіне кіретін жолда үнемі кептеліс болады, осы жол биыл жаңартылмақ. Сонымен қатар, Желтоқсан көшесі жөнделгеннен кейін Пермитин көшесіндегі көлік жүктемесін азайтады деген болжам бар. Әлеуметтік маңызды нысандарға апаратын жолдар да жөнеделді.
Протазанов-Мыза - былтыр басталған жұмыстардың жалғасы. Бұл Қазақстан көшесінің парралель жатқан жалғасы, аяқтау керек, - дейді Алмат Ақышов. - Михаэлис, Белинский көшелері бар, онда ХҚКО мен басқа да әлеуметтік нысандар бар. Добролюбов – әлеуметтік нысандар, "Ульба" орталығы. "Рахато" дүкенінің алдындағы жол да нашар, бұл ауданда тұрғындар көп. Өтепов- Қазыбек би – көлік ағынын азайтуға жақсы жоба, қосымша "Океанның" алдындағы жол да кеңейтіледі.
Қала басшысы басқа жолдар тұрғындардың пікірін ескере отырып жасалатынын айтты.