ШҚО мектептері арасында құқықтық челлендж басталды
"Заң мен тәртіп" бағдарламасы аясындағы челлендж 8–11 сынып оқушылары арасында өтіп жатыр

Челлендждің ашылуы №46 орта мектепте өтіп, оған 100-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Челлендж эстафетасы №40 жалпы білім беретін мектепке жолданды.
Бұл челлендждің негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру, жеке жауапкершілік пен қоғамдық тәртіптің маңызын насихаттау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Қатысушылар креативті форматта өз көзқарастарын білдіріп, күнделікті өмірде заң мен тәртіптің рөлін көрсетті.
Құқықтық челлендж апта бойы ұйымдастырылып, Өскемен қаласындағы барлық 52 жалпы білім беретін мектепті қамтымақ.