Өскемен
пасмурно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -13°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    +5°
$
509.84
-0.10
595.75
+1.87
¥
73.12
+0.10
6.47
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік ұстаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды

"Педагогикалық идеялар" фестивалі Алматыда өтіп, оған елден 244 педагог қатысқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік ұстаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды
Фото:
НЗМ баспасөз қызметінен

Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Раисова Бақыгүл І орынды иеленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байқау аясында математика пәні мұғалімдері арасында "Шеберлік палитрасы" бағыты бойынша ұсынылған "STEAM және Desmos математиканы концептуалды түсінудің тиімді моделі" тақырыбындағы жұмыс жоғары бағаланды. Ұсынылған зерттеу математика пәнін оқытуда STEAM-педагогиканы және Desmos цифрлық платформасын интеграциялау арқылы оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу 7–12-сыныптарда "Функциялар" бөлімін оқыту барысында жүзеге асырылып, технология, инженерлік ойлау және өнер элементтерін кіріктіру арқылы математиканы терең әрі мағыналы түсінуге жағдай жасайтын модельді ұсынады. Desmos графикалық калькуляторы функциялардың қасиеттерін динамикалық түрде зерттеуге, параметрлерді өзгерту арқылы графиктердің мінез-құлқын бақылауға және нақты математикалық модельдер құруға мүмкіндік берді, - деп мәлімдеді НЗМ баспасөз қызметі. - Эксперименттік жұмыс барысында сауалнама, бақылау, сұхбат және сандық талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде оқушылардың математикалық ұғымдарды визуалды және аналитикалық тұрғыда байланыстыру қабілеті артқаны, пәнге деген қызығушылығы мен зерттеушілік белсенділігі жоғарылағаны анықталды. Сонымен қатар, ұлттық мәдени элементтерге негізделген 2400-ден астам математикалық функцияларды пайдалану арқылы шығармашылық графикалық жұмыстар жасалды.

Зерттеу нәтижелері оқушылардың халықаралық "Graphicon 2025" республикалық байқауында І орын иеленуімен және SAT емтиханының математикалық бөліміндегі жоғары көрсеткіштерімен (97–100%) дәлелденді. Бұл көрсеткіштер ұсынылған модельдің тиімділігін айқын көрсетеді.

Аталған жұмыс STEAM-педагогика, цифрлық технологиялар және математикалық модельдеуді біріктіре отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсіл ретінде ғылыми-педагогикалық қауымдастық үшін құнды тәжірибе ұсынады.

Следующая →