Өскемен
пасмурно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -13°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    +5°
$
509.84
-0.10
595.75
+1.87
¥
73.12
+0.10
6.47
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО еріктілері бастаған қайырымдылық акцияны бүкіл ел жастары қолдады

Шығыс жастары жалғызбасты жандардың үйінің ауласын қардан тазартып, коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратып, суық күнде аялдамада тұрғандарды үйлеріне жеткізіп, қарттар мен балалар үйлеріне көмектесті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО еріктілері бастаған қайырымдылық акцияны бүкіл ел жастары қолдады
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Қайырымдылық бастама 1 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл шешім "Мейірімді Қазақстан" идеясының мазмұнымен толық үндеседі.

"Мейірімді Шығыс" атауымен бастау алған қайырымдылық волонтерлік акция Шығыс Қазақстан облысында қолға алынды. Бастаманы еліміздің жастары кеңінен қолдап, акция республика көлемінде ұйымдастырылды.

Акция аясында он күн бойы өңірлердегі жастар ұйымдарының белсенділері мен волонтерлерінің қатысуымен бірқатар әлеуметтік маңызы бар жұмыстар атқарылды. 

Сонымен қатар, жас кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылып, медициналық мекемелерде қан тапсыру акциялары өткізілді. Акцияның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналып, жалпы алғанда 10 мыңға жуық қазақстандық жасты қамтыды.

"Мейірімді Қазақстан" акциясының жалпы халықтық қолдауға ие болуы қуантады. Жуырда Мемлекет басшысы "Turkistan" газетіне берген сұхбатында қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарды қолдау мақсатында "Мейірім" орденін енгізу туралы айтқан болатын. Бұл игі іспен айналысатын жандардың қоғам алдындағы абырой-беделі мен мәртебесін айқындайды, - дейді ШҚО волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Айдос Әділбеков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық бастама 1 наурызға дейін жалғасады.

Следующая →