Өскеменде Ұлттық ұланның құрылған күнін атап өтті
Осыдан 34 жыл бұрын елдің ішкі қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Ұлттық ұлан әскері құрылды

Осыған орай Өскемендегі 5518 әскери бөлімінде салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оған Ұлттық ұлан қызметкерлері мен ардагерлері, әскери бөліммен өзара бірлесе әрекет ететін органдар, "Жас бүркіт" әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары қатысты.
Тәуелсіз еліміздің тарихында Ұлттық ұланның құрылу жолы терең маңызға ие. Еліміздің жарқын болашаққа деген қарышты қадамында қоғам қауіпсіздігінің қалқанына айналған құқықтық-тәртіп әскерінің, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қосқан үлесін мақтанышпен атап өтуге болады, - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндеттерін уақытша атқарушы полковник Ерлан Чокушев.
Кеш барысында әскери бөлімнің Ұлттық ұлан қатарындағы елеулі жылдардағы айтулы оқиғалары жайында бейнесюжеттер көрсетілді. Арнайы қонақтар сөз сөйлеп, жеке құрамды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындық барысында үздік деп танылған бірқатар әскери қызметші Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және қолбасшы бұйрығымен арнайы төсбелгілер мен алғыс хат, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Ұлттық ұлан әскеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда, қарулы қақтығыстарда азаматтарды қорғау сияқты маңызды міндеттер жүктелген.
Ұлттық Ұлан жауынгерлері күнделікті өз борышын адал орындау арқылы ел тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға үлес қосып келеді. Бұл күн – олардың қажырлы еңбегін бағалайтын ерекше мереке.
Айта кетейік, Ұлттық ұланының құрылған күніне орай салтанатты шаралар "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өткізілді.


