Өскемен
Бұлтты
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Семей
    -10°
  • Алматы
  • Риддер
    -11°
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +6°
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
  • Шымкент
    +7°
$
498.09
-4.51
577.34
-12.61
¥
72.19
-0.84
6.41
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қыста қайда барып демалуға болады?

Бүгінде елімізде туристерге шаңғы, сноуборд және басқа да қысқы белсенді демалыс түрлеріне арналған 13 орын жұмыс істейді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қыста қайда барып демалуға болады?
Фото:
pexels

Ал Шығыс Қазақстан облысына 4 тау шаңғы орны бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олар:

  • "Алтай Альпісі" – Өскемен қаласынан 24 шақырым жерде орналасқан курорт. Мұнда ұзындығы 4 500 метрге дейін жететін 12 еңіс бар. Маусым қарашадан сәуірге дейін жалғасады. Қосымша: нұсқаушылар қызметі, жабдықтарды жалға алу, пантамен емдеу, монша, балық аулау, атпен серуендеу, арқанды парк.
  • "Нұртау" – облыс орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан. Қонақтарға екі негізгі және бір еңісі бар. Сондай-ақ фрирайд аймақтар мен орындықтар жұмыс істейді. Трассалардың ұзындығы – шамамен 2 000 метр. Аумақта коттедж қалашықтары мен балаларға арналған орталық бар. Қосымша: тюбинг, монша, от жағу алаңы, қарда жүретін көліктермен экскурсиялар.
  • Stardust Camp – Жоғары-Хайрузовка ауылында орналасқан. Ұзындығы 1 000 метрлік бугельді көтергіш, тюбинг, қонақ үй мен глэмпингте орналастыру мүмкіндігі бар.
  • "Эдельвейс" – әртүрлі деңгейдегі трассалар, оның ішінде слаломға арналған сертификатталған бағыттар бар. Жалпы ұзындығы – шамамен 1 300 метр. Қосымша: таулы жорықтар, коньки тебу.

Туризм және спорт министрлігі қысқы туризм саласындағы ұлттық стандарттардың тізбесін жергілікті атқарушы органдарға жолдады. Сонымен қатар, қысқы маусымда уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, көшпелі мониторингтік тексерулер жоспарланған.

Тексеру барысында тау шаңғысы трассалары мен көтергіштердің жағдайы, қауіпсіздік және санитарлық талаптардың сақталуы, сондай-ақ туристік инфрақұрылымның ұлттық стандарттарға сәйкестігі бағаланып, демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы қамтамасыз етіледі, - деп мәлімдеді министрлік.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Қысқы демалыс ШҚО Тау шаңғысы