Риддерде республикалық рождестволық шаңғы жарысы өтті
Дәстүрлі жарыс Риддер қаласының алғашқы спорт шеберлерінің бірі Владимир Назаровты еске алуға арналған

Оған еліміздің әр өңірінен және Шығыс Қазақстаннан 280-нен астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Балалардан бастап тәжірибелі әуесқойларға дейін барлық жас санатындағылар додада бақ сынасты. Жас спортшылар 1 шақырым қашықтықты еңсерсе, ерлер мен әйелдер 7,5 шақырымдық қашықтықта кім мықтыны анықтады.
Рождестволық шаңғы жарысы - қаланың спорттағы тарихына көрсетілген құрмет қана емес, Шығыс Қазақстан тұрғындарының бірнеше буынын біріктіріп келе жатқан игі дәстүрдің жалғасы.