Жаңажылдық демалыстарда ШҚО-да 54 сәби дүниеге келген
Жаңа жылдың басынан бастап 1-2 қаңтар аралығында тәулігіне 12 сәби дүниеге келді - сегіз ұл және төрт қыз

Фото:
pexels
Ал 2-4 қаңтар аралығында тағы 42 шақалақ – 19 ұл мен 23 қыз бала өмірге келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірдің босандыру қызметі жаңажылдық мерекелерде 54 баланың жарық дүние есігін ашуына көмек көрсеткен.
Ең қызығы өмірге келген ұлдар мен қыздардың саны тең – 27 ұл және 27 қыз бала.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы 54 сәби дүниеге келген 



