ШҚО-да ертең қар жауып, бұрқасын соғады
Сондай-ақ жолдар көктайғақ, облыстың оңтүстігінде күн тұманды болады

Фото:
Устинка LIVE
ШҚО ТЖД мамандары облыс тұрғындарына қолайсыз ауа райында қала сыртына шықпауды ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 6 қаңтарда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.




