Бүгін Өскемендегі сауда орындарында әскери оркестр өнер көрсетеді
Бұл Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орайластырылған

Фото:
Устинка LIVE
Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаменті ерлік жолын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында арнайы шара өткізбек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шара барысында Ұлттық ұланның әскери оркестрі өнер көрсетіп, ел қорғау идеясы дәріптеледі.
30 желтоқсан:
- 15.00 – АДК сауда орталығы
- 16.00 – Maxi Mall сауда орталығы