Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
"Ауыл құтқарушылары" ведомстволық бағдарламасы аясында Глубокое, Шемонаиха аудандарында өрт сөндіру бекеттері салынды

Бағдарламаның мақсаты - өртке қарсы қызмет жоқ шалғай елді мекендерде жедел және тиімді көмек жүйесін құру, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Глубокое ауданындағы Тарханка ауылында құрылған өрт сөндіру бекеті Тарханка, Винное және Веселое елді мекендерінде тұратын 3000-нан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Жобаны ҚР ТЖМ қолға алды, ал серіктес ретінде "Милейко" ЖШС қолдау көрсетті, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Ал Шемонаиха ауданында бірден екі өрт сөндіру бекеті - Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында ашылды. Бағдарламаны іске асыруда "Белокаменское" ЖШС мен "Заря" шаруа қожалығы серіктес болды. Енді ол бекеттер Красная Шемонаиха, Белый Камень, Сугатовка, Горкуново және Кенюхово ауылдарында тұратын 1500-ден астам адам үшін қызмет көрсетеді.
Ашылған барлық бекет тәулік бойы қызмет атқаруға арналған қажетті үй-жайлармен жабдықталған. Материалдық-техникалық жарақтандыру құрамына өрт сөндіру және құтқару құрал-жабдықтары, байланыс құралдары және жеке құрамға арналған арнайы киімдер кіреді.

