Өскемен
ясно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -7°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -22°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +9°
$
504.6
594.27
¥
72.01
6.48
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ахмер ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуға жақын

ШҚО әкімі мен денсаулық сақтау министрі Өскемендегі жаңа дәрігерлік амбулатория мен гематология орталығына барды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ахмер ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуға жақын
Фото:
instagram/saktaganovnurymbet

Бүгінгі таңда Ахмер ауылында жаңа амбулатория, ЖМК ауданында гематология орталығының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ахмер ауылының Жаңажол көшесінде орналасқан мектеп артындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға таяу. Бір қабатты ғимарат бір ауысымда 25 адамды қабылдай алады. Министр мен облыс әкімі болашақта осы медициналық мекемеде қызмет атқаратын дәрігерлермен тілдесіп, еңбек жағдайлары, материалдық-техникалық жабдықталу және медицина қызметкерлерінің алдағы жоспарлары талқыланды.

Сонымен қатар, облыстағы ең ірі әрі жоғары технологиялы медициналық нысандардың бірі болатын гематология орталығының құрылыс барысы бақыланды. Кешен құрамына негізгі ғимарат, науқастар мен оларды алып жүретін азаматтарға арналған пансионат, техникалық блок кіреді. Жобаның жалпы құны - 83 млрд теңге.

Қазіргі таңда нысанның құрылыс дайындығы 95 пайызды құрайды. Барлық ғимарат бой көтерген, ішкі әрлеу, инженерлік желілерді монтаждау және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс алаңында шамамен 360 адам мен 10-ға жуық арнайы техника жұмыс істеуде, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Следующая →