Шығыс Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді
Ертең түнде облыстың шығысында 30 градус аяз болады

Фото:
Устинка LIVE
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша ертең бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күн тұманды болуы мүмкін.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Ауа температурасының түнде 20-25, облыстың шығысында 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.