Өскемен
ясно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -7°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -22°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +9°
$
504.6
594.27
¥
72.01
6.48
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде ферросилиций өндіретін зауыт салынбақ

Бахрейн Корольдігінде тіркелген халықаралық компания өңірде инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде ферросилиций өндіретін зауыт салынбақ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бахрейн Корольдігінде тіркелген халықаралық компания Өскемен қаласында ферросилиций өндіретін зауыт салу мүмкіндігін пысықтауда. Инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Жоба аясында жергілікті шикізат пайдаланылып, шамамен 600 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвесторлар өндірісте заманауи экологиялық технологияларды қолдануға ерекше мән беріп отыр, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыс әкімімен өткен жеке кездесуде HONGKONG BBGO INVESTMENT HOLDING компаниясының өкілдері Өскемендегі қалдық сақтау қоймаларын экологиялық рекультивациялау жобасын таныстырды. Компания Қытай, Малайзия және Лаос елдерінде 15 жылдан астам уақыт бойы экологиялық және ресурсты үнемдейтін жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.

Ұсынылып отырған технология мыс, алтын, күміс және басқа да бағалы металдарды 80 пайыздан астам тиімділікпен алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мүлде қалдық қалдырмау қағидаты, тұйық су айналымы және өндіріс қалдықтарын қауіпсіз құрылыс материалдарына қайта өңдеу қарастырылған.

Бұл жобалар қазіргі уақытта пысықтау кезеңінде және өңірдің өнеркәсіптік әрі экологиялық дамуына елеулі үлес қосады.

Следующая →