Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    -5°
$
515.02
-2.64
604.22
-2.27
¥
73.19
-0.33
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да Өңірлік талдау орталығы жұмысын бастады

Орталық аймақтағы негізгі салалар бойынша деректерді нақты уақыт режимінде жинап, талдайды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да Өңірлік талдау орталығы жұмысын бастады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Олардың қатарында жылу энергетикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология, су тасқыны жағдайы, жол қауіпсіздігі, қылмыстық ахуал және мердігер ұйымдардың қызметі бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жобаны ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы әзірлеген.

Орталықтың басты мақсаты - мәселелерді мүмкіндігінше ертерек байқап, оларды жедел шешу. Жылумен қамту мен қоқыс шығару түйткілдерінен бастап, экология, су тасқыны, жол-көлік оқиғалары және төтенше жағдайларға дейінгі барлық бағыт қамтылған. Жылу, жол және мердігерлер жұмысы да онлайн бақыланады.

Мәселен, жылу көздеріне орнатылған датчиктер әр минут сайын температура, қысым, су шығыны және отын қоры туралы деректерді жіберіп отырады. Көрсеткіштер қалыпты деңгейден ауытқыса, жүйе бірден дабыл қағады. Сонымен қатар, әзірлеушілердің айтуынша, тәуекелдерді анықтай алатын және дауыс арқылы нақты нысан жөнінде ақпарат беретін ЖИ-ассистент іске қосылған.

Қоқыс пен қар тазалау да толық бақылауда: техника қайда, қашан және қанша уақыт жұмыс істегенін, қандай көлемде қызмет көрсетілгенін, тұрғындардың шағымдары бар-жоғын көруге болады, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Пилоттық режимде 50 қоқыс алаңына QR-кодтар орнатылған. Тұрғындар қоқыс шығару жұмыстарының барысын көріп, кез келген заңбұзушылық туралы бірден хабарлай алады. Цифрландыру және архивтер басқармасының жоспары бойынша, бұл процесс халықты күттірмей, әлеуметтік желілерге шағым жазғызбай, жылдам жүзеге асады.

Экология, су тасқыны, төтенше жағдайлар да тәулік бойы бақылауда, гидробекеттер де автоматтандырылды.

Тағы бір маңызды цифрлық шешім – тұрғындардың өтініштерін өңдеу.

Енді Өңірлік талдау орталығы азаматтардың барлық өтініштерін 109 колл-орталығынан, әлеуметтік желілерден және онлайн платформалардан жинақтайды. Жүйе хабарламаларды өзі талдайды, қайталанатын өтініштерді анықтайды және ведомстволардың жай ғана “жауап беріп құтылуына” жол бермейді. Мақсат – әр өтініш тиісті мекемеге жетіп, нақты шара қабылдануы, – дейді әзірлеушілер.

Следующая →