Қазақ елі Асанәлі Әшімұлын соңғы сапарына шығарып салды
Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, режиссер Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті

Қазақ өнерінің саңлағы Алматыдағы "Кеңсай-1" зиратында жерленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Саналы ғұмырын театр мен киноға арнаған аңыз адаммен қоштасуға жақындары, мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен актердің көрермені жиналды.
Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері – Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасында өмірден озды. Ол қалың көрерменге "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Трансібір экспресі" секілді кинолардағы жарқын рөлдерімен таныс.
Асанәлі Әшімұлының сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады.