Өскемендегі С. Нұрмағамбетов атындағы мектепте "Жас сарбаз" сыныбының ашылғанына 10 жыл
Мерейтой аясында "Жас сарбаз" қозғалысының оныншы легі салтанатты түрде әскери ант қабылдады

Биыл бұл білім ордасындағы "Жас сарбаз" сыныбының 10-шы ант қабылдауы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы алдында өтті. Жас сарбаздар Отанға адал болуға, ел тыныштығын қорғауға, әскери тәртіпті сақтауға және мемлекет заңдарын құрметтеуге ант берді. Бұл сәт – оқушылар үшін елге қызмет етудің алғашқы әрі жауапты қадамы.
"Жас сарбаз" сыныбының он жыл ішінде талай елжанды, тәртіпті, жауапкершілігі жоғары жасөспірімдерді тәрбиелеп шығарды, - деді Шығыс Қазақстан облысының Жас Сарбаз қозғалысының төрағасы Дәурен Шоматов.
Шара барысында оқушылар саптық дайындықтарын көрсетті.
"Жас сарбаз" сыныбы – жас ұрпақты отансүйгіштікке, батылдыққа, тәртіп пен жауапкершілікке баулитын маңызды жоба. Бұл күні ант қабылдаған жас сарбаздар да осы дәстүрді абыроймен жалғастырып, ел игілігі жолында қызмет етуге дайын екендерін көрсетті.

