Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    -5°
$
515.02
-2.64
604.22
-2.27
¥
73.19
-0.33
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО жастары игі істер онкүндігін бастады

"Мейірімді Қазақстан" акциясы Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар ресурстық орталығынан бастау алды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО жастары игі істер онкүндігін бастады
Фото:
ШҚО Жастар ресурстық орталығы

Акция еліміздің барлық өңірлерін қамтымақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Акция аясында еліміздің өңірлерінде жастар ұйымдары мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар кешені өткізіледі. Акцияның он күні жеке-жеке тақырыптарға арналмақ. Атап айтқанда, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар мен балалар үйлерін қолдау, медициналық мекемелерде донорлық акциялар өткізу, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету, сондай-ақ коммуналдық қызмет қызметкерлерін қолдауға бағытталған қоғамдық бастамалар жүзеге асырылады.

Алдағы 10 күннің жоспары:

  • 22 желтоқсан – жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалау (оңтүстік және батыс өңірлерде – аулаларда тазалық жұмыстарын жүргізу);
  • 23 желтоқсан – коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен дәм тарату;
  • 24 желтоқсан – ҰОС және тыл ардагерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтау;
  • 25 желтоқсан – медициналық ұйымдарда қан тапсыру акцияларына қатысу;
  • 26 желтоқсан – жас кәсіпкерлердің қолдауымен тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін ұсыну;
  • 27 желтоқсан – балалар үйлерінде жаңа жылдық қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру;
  • 28 желтоқсан – қарттар үйлерінде жаңа жылдық мерекелік концерт өткізу;
  • 29 желтоқсан – тұрғын үйлердің аулаларында қардан мүсіндер жасау;
  • 30 желтоқсан – көлігі бар азаматтардың көмегімен аялдамаларда тұрған тұрғындарды үйлеріне дейін жеткізуге жәрдемдесу;
  • 31 желтоқсан – "Бір арман" акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылардағы балалардың Жаңа жылға жоспарлаған бір арманын орындау.
Следующая →