Өскеменде ертең ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
20 желтоқсан күні Өскемен қаласында төрт ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады

Фото:
instagram/oskemen_akimdigi
Қаланың әр бұрышындағы жәрмеңке таңғы 8.00-ден 15.00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Өткізу орындары:
- КСО "Алтай", Жібек жолы көшесі, 44
- "ДосНар" сауда үйі, Виноградова көшесі, 17а
- "Керуен" сауда үйі, Өтепов көшесі, 3
- "Валентина" сауда үйі, Б. Шаяхметова көшесі, 13 (Согра ауданы)
Жәрмеңкеде қой еті, сиыр еті, жылқы еті және шошқа еті, сүт өнімдері, бал, көкөніс пен жеміс, сондай-ақ басқа да табиғи өнімдер ұсынылады.