Өскемен
пасмурно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    -3°
$
513.55
-0.76
602.09
-0.94
¥
72.94
-0.07
6.42
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімдігінің алды қардан ең соңғы кезекте тазалануы керек

Облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына Өскемен тұрғындарынан қар тазалау және қоғамдық көліктің жұмысына қатысты шағымдар көп түскен

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімдігінің алды қардан ең соңғы кезекте тазалануы керек
Фото:
instagram/tazaoskemen

Кеше Нұрымбет Сақтағанов қалаға шығып, қардың қалай тазаланып жатқанын және автобустардың қозғалысын бақылап қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Қыс мезгілінде мұндай мәселелер адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Ең алдымен адам көп жүретін көшелер, тротуарлар, аялдамалар, жаяу жүргіншілер өткелдері мен аулалар қардан тазалануы тиіс. Ал менің үйім мен әкімдік алды ең соңғы кезекте тазалануы керек, - деді ШҚО әкімі. 

Нұрымбет Сақтағанов кәсіпкерлер және ғимарат иелері өз аумақтарынан қарды уақтылы әрі сапалы тазалап отыруы үшін қала әкіміне оларға түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

Коммуналдық техниканың жағдайын шынайы бағалап, қарлы күндерге алдын ала дайындалу маңызды. Тек қар жауған кезде ғана әрекет етуге болмайды, - деді аймақ басшысы.

Нұрымбет Сақтағанов автобусқа отырып, жолаушылармен де сөйлесті.

Следующая →