Өскемен тұрғындарын донор болуға шақырады
Қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектескісі келетіндер 18 желтоқсанда донорлық акцияға қатыса алады

Ол үшін ЖМК ауданындағы Қан орталығына барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Донорлық акция осы бейсенбіде Потанин көшесі, 6 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығында өтеді.
Акция 9.00-ден 13.30-ға дейін өтеді. Өзіңізбен бірге төлқұжат болуы керек. 18 жаска толған, дене салмағы 50 келіден кем емес, қан тапсыруға қарсы корсетілімдері жоқ әрбір азамат қан мен онын компоненттерінің доноры бола алады. Донорларға таңертең жеңіл тамақтануға рұқсат.