Қазақстанға шет елден жұмыртқа алып келуге тыйым салынды
Үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жұмыртқа жеткізуге бір айға тыйым салынып отыр

Бірақ ел іші арқылы басқа мемлекеттер жұмыртқаны транзитпен өткізе алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығымен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен жаңа тауық жұмыртқаларын әкелуге бір ай мерзімге тыйым салынды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жаңа тауық жұмыртқаларын транзитпен өткізуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың бір мүше мемлекетінің аумағынан басқа мүше мемлекетінің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға тыйым салу қолданылмайды, - деп мәлімдеді ҚР АШМ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2025 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енді.
Азық-түлік жұмыртқасын импорттауға уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.