Өскемен қаласындағы 13 көшенің атауы өзгереді
Өңір жұртшылығынан келіп түскен ұсыныстар негізінде қабылданған бұл шешімге облыстық мәслихаттың кезекті XXVI сессиясында депутаттар дауыс берді

Фото:
Depositphotos.com
Өскемен көшелеріне біздің атақты спортшы жерлестеріміз Жақсылық Үшкемпіров пен Борис Александровтың есімдерін беру туралы спорт ардагерлері мен бастамашыл жұртшылық топтары бірнеше жылдан бері сұрап келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия көше атауларын өзгерту мәселесі бойынша оң шешім қабылдады. 9 желтоқсанда жобаны депутаттар бірауыздан мақұлдады.Идеологиялық тұрғыдан ескірген құрамдас бөліктер:
- Стахановская көшесі – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
- Красин көшесі – Борис Александров көшесі;
- Өтепов көшесі – Оралхан Бөкей көшесі;
- Красногвардейская көшесі – Герольд Бельгер көшесі;
- Карл Либкнехт көшесі – Борис Керімбаев көшесі;
- Колхозная көшесі – Асқартау көшесі;
- Роза Люксембург көшесі – Арна көшесі;
- Совхозная көшесі – Өркен көшесі;
- Чапаев көшесі – Берел көшесі;
- Краснодонская көшесі –Арай көшесі;
- Краснофлотская көшесі – Мұзтау көшесі;
- Өскемен қаласы Меновное ауылындағы:
- Совхозный тұйық көшесі – Талас тұйық көшесі;
- М. Горький көшесі – Талаптан Ахметжан;
Атауы жоқ құрамдас бөліктер:
Өскемен қаласының 28 шағын ауданындағы:
- № 1 көше – Атамекен көшесі;
- № 2 көше – Айыртау көшесі;
- № 3 көше – Жартас көшесі;
- № 4 көше – Ақшоқы көшесі;
- № 5 көше – Ботай көшесі;
- № 6 көше – Бәйшешек көшесі;
- № 7 көше – Жайсаң көшесі;
- № 8 көше – Ағажай көшесі;
- № 9 көше – Жаңақоныс көшесі;
- № 10 көше – Жетіген көшесі;
- № 11 көше – Керуенсарай көшесі;
- № 12 көше – Қоңыржон көшесі;
- № 13 көше – Барқытбел көшесі;
- № 14 көше – Арасан көшесі;
- № 15 көше – Жусанды көшесі;
- № 17 көше – Ақсуат көшесі;
- № 20 көше – Қызғалдақ көшесі;
- № 21 көше – Тарбағатай көшесі;
- № 22 көше – Арал көшесі;
- № 23 көше – Балқаш көшесі.