Өскемен
пасмурно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
508.3
+3.81
592.17
+4.44
¥
71.92
+0.55
6.63
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да полицияға бағынбаған жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Тәртіп сақшылары профилактикалық шара барысында жүк көлігінің жүргізушісін тоқтатқан

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да полицияға бағынбаған жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Күдік тудырған жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және апаттылықтың алдын алу мақсатында облыс аумағында "Қауіпті жүргізуші" жедел профилактикалық шарасы жүріп жатыр.

Рейд барысында инспекторлар 22 тоннадан астам дизель отынын тасымалдап бара жатқан SHACMAN SX3000 автокөлік-цистернасын тоқтатқан. Көлік тізгінінде 49 жастағы өңір тұрғыны болған. Полицейлер жүргізушінің масаң күйде болуы мүмкін деген белгілерін байқап, оны медициналық куәландырудан өтуге міндеттеген, - деп хабарлайды ШҚО ПД. - Алайда ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартқан.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және масаң күйде болғанын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Жиналған материалдар әрі қарай тексеру үшін сотқа жолданды.

ШҚО Полиция департаменті полицейлердің заңды талабын орындамау – жол қауіпсіздігіне тікелей қатер. Әсіресе қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде жол жүрісі қағидаларын сақтау - қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін ескертеді.

Следующая →