Өскемендегі көпір апатына байланысты тексерістен соң басқарма басшысы қызметінен босатылды
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған Данияр Уахитов өз өтініші бойынша қызметінен кетті

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қабылданды, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін облыс әкімінің протоколдық тапсырмасымен құқық қорғау органдарының қатысуымен тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша басқарманың бұрынғы басшысы Данияр Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды.
Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді.
Облыс әкімдігі ашықтықты қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр.