Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    +8°
$
504.49
587.73
¥
71.37
6.57
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 116 ауылдық округ әкімі "Әкімдер мектебінен" өтті

ШҚО бойынша "Әкімдер мектебі" жобасы биыл ақпан айында басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 116 ауылдық округ әкімі "Әкімдер мектебінен" өтті
Фото:
"Amanat" партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Бұл ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыратын, оларды жаңа форматтағы экономикалық жоспарлауға бейімдейтін маңызды алаң, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында елімізде ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды реформалар жүзеге асырылып келеді. Солардың ішінде "Ауыл аманаты" мен ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған "Әкімдер мектебі" жобалары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше серпін беруде.

Президентіміз 28 қарашада өткен ауыл әкімдерінің "Диалог-платформасында" бұл жобаны іске асыруда "AMANAT" партиясының тәжірибесін кеңінен қолданудың маңыздылығын тағы да атап өтті. Бұл бастамалар ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға және ауыл экономикасын нақты деректерге сүйене отырып жаңғыртуға бағытталған.

Бүгінге дейін ШҚО бойынша 116 ауылдық округ әкімі осы "Әкімдер мектебі" жобасы аясында оқудан өтті. 1-кезеңде 82 ауылдық округ әкімі, 2-кезеңде 34 ауыл әкімі біліктілігін арттырды.

"AMANAT" партиясының облыстық филиалында ҚР мемлекеттік басқару академиясы мен облыстық әкімшіліктің өкілдерінен құрылған комиссия алдында 34 жаңадан сайланған әкім өздерінің болжамды инвестициялық жобаларын қорғады. Сондай-ақ ауыл әкімдері "Ауыл аманаты" жобасының жаңартылған талаптарымен танысты.

Бұл – ауыл әкімдерінің басқарушылық қабілетін күшейтіп, ауылдағы нақты экономикалық жоспарлауды жолға қоюға мүмкіндік беретін маңызды процесс.

Ауылдардың дамуы – елдің тұрақты экономикалық өсімінің негізгі тірегі. "Ауыл аманаты" жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кооперативтер құру арқылы жергілікті экономиканы күшейтуге нақты мүмкіндік беріп отыр. Ал "Әкімдер мектебі" – ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыратын, оларды жаңа форматтағы экономикалық жоспарлауға бейімдейтін маңызды алаң. Өткен шара Шығыс Қазақстан облысында әкімдердің оқуға деген қызығушылығы жоғары екендігін көрсетті. Әрбір әкім өзінің округіне нақты экономикалық даму бағдарламасын әзірлеп, ауылдағы басты мәселелерге тиімді шешім ұсынуда. Біз бұл жұмыстарды аймақта жүйелі түрде жалғастырып, ауылдардың дамуына серпін беруді басты міндетіміз деп санаймыз, – деді "AMANAT" партиясы ШҚО филиалы төрағасының міндетін атқарушы Аманбай Нуркенов.

"Ауыл аманаты" және "Әкімдер мектебі" жобалары – ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа архитектурасын қалыптастыратын стратегиялық бастамалар.

Бұл жобалар тікелей ықпал етеді:

  • халықтың табысын арттыруға,
  • ауыл кәсіпкерлігін дамытуға,
  • инфрақұрылымды жаңғыртуға,
  • жаңа жұмыс орындарын ашуға,
  • ауыл экономикасын цифрлық және аналитикалық тәсілдермен жоспарлауға

Жобалардың табысты жүзеге асуы – ауыл әкімдерінің белсенділігіне, жоспарлы жұмысына және халықпен тығыз жұмысына байланысты.

Следующая →