Шығысқазақстандық спортшы таеквондодан чемпион атанды
Батырхан Төлеуғали жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото:
olympic.kz
Чемпионат Кенияның Найроби қаласында өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Батырхан Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарын қапы қалдырып, әлем чемпионы атанды. Шешуші жекпе-жекте ол Иран спортшысы Мохаммад Ализадені сенімді түрде жеңді.
Бұл Қазақстан құрамасының биылғы чемпионаттағы екінші алтын жүлдесі. Жалпы ұлттық құрама қоржынында үш медаль бар: бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленді.