Өскеменде көшелер қардан тазартылмаса, қайда хабарласуға болады?
Кешеден бері облыс орталығында қар қалың жауды. Синоптиктердің болжауынша ертең де қар жауады

Ауа райына байланысты "Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорны күшейтілген режімде жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Техника қаладағы басты көшелерде, көпірлер мен аялдамаларды қардан тазартып жатыр.
Ал қар тазарту мәселесіне қатысты қандай да сұрақтар туындаса, тұрғындар тікелей диспетчерлік қызметке хабарласа алады: 8 (7232) 53-25-77, 8-777-331-85-36.
Бұл әдіс бригадаларға ақпаратты жедел жеткізуге және мәселені тезірек жоюға шешуге ыңғайлы, - деп мәлімдеді "Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі. – Қар толассыз жауып тұрғанда қаланы бірден түгелдей тазалау мүмкін емес екені анық. Дегенмен жұмыс тоқтамайды: жолдарға көктайғаққа қарсы материал төгіліп, көлік және адамдар жүретін жолдағы қарды аршу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалың үйілген қар шығарылуда.