ШҚО-да көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті
Оған Малайзия, Ресей және Қазақстанның әр түкпірінен 500-ден астам спортшы қатысты

Жүзден астам спортшы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында көркем гимнастикадан өткен "Шығыс грациясы – 2025" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Бұл тек дүбірлі дода ғана емес, сұлулық пен шеберліктің, жеңіске деген жігердің айқын көрінісіне айналған нағыз мереке болды. Малайзия, Ресей және Қазақстанның әр түкпірінен келген 500-ден астам спортшының қатысуы турнирдің жоғары мәртебесін дәлелдей түсті.
Осындай жарыстар жас спортшыларға шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға, кәсіби тұрғыда жаңа белестерге ұмтылуға жол ашады. Баршаңызға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен үлкен жеңістер тілеймін!– деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Жүзден астам спортшы жүлдегер атанды. Кәмелеттік жасқа толған гимнаст қыздар республикалық деңгейде көркем гимнастика бойынша спорт шебері атағын сәтті қорғады.

