Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай алғашқы AI суретші көрмесі өтеді
Шығыс Қазақстан Өнер музейі қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше әрі заманауи өнер туындыларын тамашалауға шақырады

"Бостандық жолы: жасанды зерде көзқарасы" көрмесі – Тәуелсіздік күніне орай әзірленген, жасанды интеллект технологиясымен жасалған тың шығармалар топтамасы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көрме барысында еркіндік, болашақ, рухани мұра және ұлттық болмыстың жаңа қырларын AI көзқарасы арқылы көруге болады.
Көрме 5 желтоқсан күні сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан Өнер музейінде өтеді.