Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
513.45
+0.92
596.99
+4.56
¥
72.61
+0.17
6.59
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Ертіс көпіріндегі жолдың шұрық-тесігі "жамалды"

Ертіс өзені үсінен өтетін көпірдің ойық-ойық жолы туралы халық әлемжеліде көптен бері шағымданып жүр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Ертіс көпіріндегі жолдың шұрық-тесігі "жамалды"
Фото:
Таза Өскемен

Тіпті терең шұңқырлардың кесірінен қарбалас сағаттардан өзге уақытта да жол кептелісі туындайтын болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шағым көп түскен соң коммуналдық қызмет іске кіріскен. Өткен демалыста Ертіс көпіріндегі жол түгелдей қардан тазартылып, "Таза Өскемен" қызметкерлері шұңқырларды уақытша "жамап" қойды. Мамандар бұл шұңқырларды бітеу жұмыстары емес екенін ескертті. Көпірді толыққанды күрделі жөндеу келесі жылы ғана жүргізілетін болады.

Шұңқырларды уақытша бітеу туралы жедел шешім қабылданды. Көпір - қаланың ең маңызды артериясы, сондықтан кедергісіз көлік қатынасын қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы зор. Көлік ағыны аз болғасын жұмыстар демалыс күндері жүргізіледі. Шұңқырларды бетонмен тығыздау технологиясы қыста жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн, - деп атап өтті "Таза Өскемен" қызметкерлері.

Біткен іске сыншы көп демекші, коммуналдық қызметтің бұл шешімін қолдағандар да, сын айтушылар да табылды. Көбі көпір жолы тым тез бүліне бастағанын айтса, енді бірі бұл технология көлікті бүлдіреді деп үрейленуде. Өйткені дөңгелекке жабысқан бетон бөлшектері көлікке, терезесіне тиюі мүмкін.

Следующая →