Із-түссіз жоғалған екі өскемендік табылды
Қараша айының басында ШҚО ПД-ға екі ер адамның жоғалғаны туралы жақындары хабарлаған

Жоғалғандардың екеуі де Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бірінші хабарлама "102" арнасына 3 қараша күні, екіншісі 8 қараша күні түскен. Екі жағдайда да полицияға көмек сұрап жоғалған ер адамдардың жұбайлары жүгінген. Олар өз жақындарының ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, үйге оралмағандарын, алаңдайтындарын айтқан, - деп хабарлайды ШҚО ПД.
Бір жағдайда ер адам үйден шығар алдында анасынан ақша алып, жоғалып кеткен. Екінші жағдайда азамат таксимен Павлодар қаласына кетіп, туыстарымен байланысын үзген.
Өскемен қаласы ПБ қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, олар ер адамдардың орналасқан жерін анықтады. Жоғалғандардың екеуі де Алматы қаласынан табылды. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.