Өскемен
малооблачно
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +10°
$
519.41
-1.60
600.85
-2.58
¥
73.04
-0.22
6.41
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан сақшысына қырағылығы үшін 10 күн демалыс берілді

Ол түзеу мекемесіне тыйым салынған зат енгізу әрекетінің алдын алды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан сақшысына қырағылығы үшін 10 күн демалыс берілді
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Сақшы тәртіпсіздікті тоқтату мақсатында ауаға оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесіне белгісіз адамдар тыйым салынған заттарды сыртқы қоршаудан лақтырып өткізуге әрекеттенген. Олар лақтырған ораманың жетеуі тұрғын аймаққа түссе, біреуі техникалық жолаққа құлаған, тағы бірі негізгі қоршау элементтеріне ілініп қалған, - деп хабарлайды "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Қоршауға ілініп қалған затты алмақ болған төрт сотталушы айла жасап, ішкі тыйым салынған аймаққа өтіп кетуге тырысқан. Осы сәтте №6699 әскери бөлімінің бекеттегі сақшысы жағдайды дер кезінде байқап, заңға сай әрекет еткен.

Сақшы алдымен сотталғандарға дауыс "Тоқта, артқа!" деп бұйрық берген және бірден жағдайды қарауыл бастығына баяндап, ескертуін қайталайды: "Тоқта, артқа! Тоқта, атамын!".

Алайда талапқа бағынбаған сотталушылардың бірі негізгі қоршауға өрмелеуге тырысқан.

Нұсқаулыққа толық сәйкес әрекет еткен сақшы аспанға ескерту оғын атқан, - деп мәлімдеді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Әскери қызметшінің қырағылығы мен кәсіби сауаттылығының арқасында режимді бұзу, заңға қарсы іс-әрекеттері тоқтатылды.

Көрсеткен қырағылығы мен кәсіби дайындығы үшін әскери қызметшіге 10 тәулікке демалыс берілді. Ол енді Шымкенттегі үйіне барып, жақындарымен қауыша алады.

Следующая →