Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +7°
$
518.19
-1.22
597.32
-3.53
¥
72.84
-0.20
6.43
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Неміс кәсіпкерлері ШҚО-да жұмыс жүргізуге ынталы

ШҚО-ға Германиядан делегация келіп, ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланды

Усть-Каменогорск и ВКО / Неміс кәсіпкерлері ШҚО-да жұмыс жүргізуге ынталы
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 39,5 млн АҚШ долларын құрап отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Киннемен және неміс компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар экономикалық әріптестік, инвестициялық жобалар және инновациялық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Германия облысымыздың маңызды технологиялық және экономикалық серіктесі. Қыркүйек айында аймаққа Германия Елшісінің сапары екіжақты диалогты күшейте түсті. Өңір экономикасының негізгі бағыты - металлургия. ШҚО-да 70-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен туризм салалары да қарқынды дамып келеді, - деді аймақ басшысы.

Кездесу барысында әкім неміс кәсіпкерлерін облыс аумағында түрлі жобаларды қолға алуға шақырды. Олар да өз қызығушылықтарын білдірді. Осылайша бұл кездесу екіжақты серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Следующая →