Өскемен
ясно
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +11°
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Гонконг тұмауының" 5 жағдайы анықталды

Науқастардың барлығы Өскеменде, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 4 бала бар

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Гонконг тұмауының" 5 жағдайы анықталды
Фото:
pexels

Санэпидемиологтар «Гонконг тұмауы» деп аталғанымен, бұл – жыл сайын айналымда жүретін қауіпсіз маусымдық вирус екенін есе салады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1 қазаннан 17 қараша аралығында облыста жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 937 жағдайы тіркелген. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 27 193 жағдай анықталып, жалпы аурушандықтың 59,2% құрады. 1 жасқа дейінгі 728 бала, жүкті әйелдер арасында 126 жағдай тіркелді.

Облыс тұрғындарының ЖРВИ-мен сырқаттанушылығы өткен жылғы 2024–2025 маусымының сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрақты деңгейде. Көпжылдық статистикалық бақылау деңгейінен аспағандықтан, шектеу шаралары енгізілген жоқ.

Тұмаудың зертханалық расталған 5 жағдайы тіркелді, барлық жағдайда A/H3N2 типі анықталды, – дейді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев. - Тұмаудың бұл 5 жағдайы Өскемен қаласында тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларда – 4 жағдай. Бір жасқа дейінгі балаларда, жүкті әйелдерде және екпе алғандар арасында тұмау анықталмаған.

ДДҰ болжамына сәйкес 2025–2026 маусымында A/H3N2 вирусының белсенді айналымы күтілген болатын. Биылғы вирусологиялық зерттеулер бұл болжамды толық растады. «Гонконг тұмауы» деп аталғанымен, бұл – жыл сайын айналымда жүретін қауіпсіз маусымдық вирус, алдын алу шаралары бар: тұмауға қарсы екпе алу, қол гигиенасын сақтау, антисептик қолдану, маска тағу, үй-жайларды желдету.

Респираторлық вирустарға жүргізілген 368 зерттеудің 93-інде оң нәтижелер анықталды:

  • риновирус – 63,
  • бокавирус – 1,
  • аденовирус – 29.

Сондай-ақ 2025–2026 маусымында облыста коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді.

Тұмауға қарсы екпенің тиімділігін ескере отырып, биыл жергілікті бюджет есебінен 76 721 360 теңгеге «Гриппол плюс» вакцинасының 75 000 дозасы сатып алынды. Қосымша 2 000 доза жұмыс берушілер мен ақылы егуге сатып алынды. Екпе тәуекел топтарына (жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, диспансерлік есептегі балалар, интернаттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің контингенті, созылмалы аурулары бар және 60 жастан жоғары тұрғындар) қолжетімді, - дейді Қанат Тұрдиев.

Қазіргі таңда облыс бойынша 74 530 адам тұмауға қарсы екпе алды: тәуекел топтары – 72 519 адам (96,7%), жұмыс беруші есебінен – 1 831, ақылы түрде – 180 адам.

Следующая →