ШҚО-да жастар арасында бокстан ел чемпионаты өтіп жатыр
Өскеменде бокстан 2008-2009 жылы туған жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Онда еліміздің 20 өңірінен келген боксшылар бақ сынайды, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі.
23 қарашаға дейін созылатын чемпионатта қатысушылар 11 салмақ бойынша бәсекеге түседі. 408 спортшының ішінде Шығыс Қазақстанның намысын 23 боксшы қорғайды.
Бұл чемпионат - ел спортындағы маңызды оқиғалардың бірі. Ол жас спортшыларға шынығып, тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдай түсуге мүмкіндік береді. Бүгінде облыста 1 628 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Тағы 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қазан айында Ұлан ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. 2025 жылдың аяғына дейін осындай екі кешен пайдалануға беріледі. Жарысқа қатысып жатқан спортшыларға сәттілік тілеймін! Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбірей берсін! - деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 2,5 мыңнан астам спорттық шара өткізілген. Өңір халқының 45%-ы жүйелі түрде денесін шынықтырып, спортпен айналысады. Ал 34 жаттықтырушы 1 200 спортшыны боксқа баулып жатыр.