Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +12°
$
522.19
606.42
¥
73.56
6.47
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО студенттері Қытайда өткен халықаралық чемпионаттан жүлделі қайтты

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Тяньцзинь қаласында өткен World Vocational College Skills Competition 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО студенттері Қытайда өткен халықаралық чемпионаттан жүлделі қайтты
Фото:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

"Лу Бань" шеберханасының студенттері халықаралық сайыста қола жүлдені қанжығалады, хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

World Vocational College Skills – техникалық жоғары оқу орындары үшін кадр даярлау саласындағы ең ірі халықаралық шаралардың бірі. Биылғы чемпионатқа 76 елден 33 мыңнан астам қатысушы, 8 956 команда қатысты.

Қазақстан атынан "Лу Бань" шеберханасының студенттері "Электромобильдер" құзыреттілігі бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Финалдық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан командасы қола медальмен марапатталды. Бұл жетістік еліміздегі техникалық білім сапасының артуын, халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюін және технологиялар трансфері жобаларының тиімді жүзеге асып жатқанын айғақтайды, - деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Қазақстанда "Лу Бань" шеберханасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Тяньцзинь кәсіптік институтының қолдауымен ашылған. Шетелдік серіктестік негізіндегі шеберханалар, бірлескен бағдарламалар және халықаралық дайындық орталықтары бәсекеге қабілетті инженерлік кадрлар даярлауда маңызды рөл атқарып келеді. Мұндай инфрақұрылым заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндік беріп, жастардың жаһандық кәсіби алаңдарға шығуына жол ашады.

Қазақстандық студенттердің бұл жетістігі техникалық білім беру жүйесінің әлеуетін және елдің халықаралық білім беру кеңістігіне табысты интеграцияланып келе жатқанын көрсетеді.

Следующая →