Қазақстандықтарға бет-жүзді толық жабатын киім мен аксессур киюге болмайды
Бұл құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қажет

Бұл тыйым 2025 жылдың 12 шілдесінен бастап енгізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО полициясы тұрғындарға қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жаңа заң нормаларын түсіндірді.
2025 жылдың 12 шілдесінен бастап елімізде қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім мен аксессуарларды киюге тыйым салынды. Бұл шара құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген.
Сонымен қатар заңда бірқатар ерекше жағдайлар қарастырылған. Бетті жабуға рұқсат етіледі:
- қызметтік міндеттерді атқару кезінде қорғаныс құралдарын қолданатын мамандарға;
- медициналық көрсеткіштер бойынша, соның ішінде медициналық маскаларды тағуға;
- төтенше жағдайлар кезінде;
- қолайсыз ауа райында - қатты аяз, шаңды дауыл және т.б.;
- спорттық, мәдени және мерекелік іс-шаралар кезінде.
Жаңа талаптар азаматтардың құқықтарын шектемейді, керісінше тыныштықты қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, - деп еске салды тәртіп сақшылары.