Өскеменде осы аптада бес жерде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
15 қарашада қаланың бес шағын ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады

Фото:
pexels
Согра, Защита, ЖМК мөлтек аудандарының тұрғындары қалаға келмей-ақ, қолжетімді бағада ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала алады.
Жермеңкелердің мекенжайы:
- "Алтай" КТО - Жібек жолы көшесі, 44
- "ДосНар" СY - Виноградов көшесі, 17а
- "Теміржолшылар саябағы" - "Защита" шағын ауданы, Тынышпаев көшесі, 122
- "Керуен" СY - ЖМК ауданы, Өтепов көшесі, 3
- "Валентина" СY - "Согра" ауданы, Б. Шаяхметов көшесі, 13
Барлық жәрмеңкелердің жұмыс уақыты - сағат 8.00-ден 15.00-ге дейін.
Жәрмеңкеде азық-түліктің мол таңдауы, ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), сүт өнімдері, бакалея, бал, көкөністер мен жемістер ұсынылатын болады.