Өскемен
Бұлтты
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Семей
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Риддер
    +6°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Ақтау
    +9°
  • Атырау
    +14°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Түркістан
    +20°
  • Орал
    +4°
  • Шымкент
    +18°
$
482.33
557.57
¥
70.05
5.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайлары азайған

Биыл облыста 251 жаңа жағдай тіркелген, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 31 жағдайға азайған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайлары азайған
Фото:
pexels

Бүгінде облыс бойынша ЖИТС орталықтарында АИТВ-мен өмір сүретін 3366 адам диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ЖИТС орталығының бас дәрігері Салтанат Фатихова атап өткендей, науқастардың 2061-і ер адам, 1305-і әйел және 15 жасқа дейінгі 25 бала бар.

Жаңа жағдайлардың басым бөлігі Өскемен қаласында анықталған - 105 адам. Сондай-ақ Алтай ауданында - 38, Глубокое ауданында - 22, Риддер қаласында - 18 және Шемонаиха ауданында - 15 жаңа жағдай тіркелген. 15 пен 49 жас аралығындағы тұрғындар арасында АИТВ-инфекцияның таралу деңгейі 1% құрайды. Бұл көрсеткіш ұлттық бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына сай келеді, - дейді бас дәрігер.

10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін облыс көлемінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық өтуде. Шара аясында тұрғындардың, әсіресе жастарды ақпараттандыру мақсатында дәрістер, кездесулер мен түсіндіру акциялары ұйымдастырылуда.

Бұған қоса, 19 қараша күні сағат 13.00-де "Император" сауда үйінде кең көлемді акция өтпек. Онда қала тұрғындары тегін әрі анонимді түрде экспресс-тест тапсырып, өз АИТВ статусын біле алады. Бар болғаны 15–20 минут уақытын бөлген адамның денсаулығына деген сенімі артып, өміріне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік туады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ЖИТС орталығы АИТВ