Өскемен
облачно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +7°
$
525.28
+1.70
607.85
+2.49
¥
73.79
+0.25
6.47
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл 3 миллионнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алған

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 219,7 млрд теңге жұмсалған

Новости Казахстана / Биыл 3 миллионнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алған
Фото:
pexels

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Медициналық ұйымдарды үздіксіз жабдықтау үшін Бірыңғай дистрибьютор 21 млрд теңге сомасына төмендетілмейтін дәрі-дәрмек қорын құрды. Бұл қор медициналық ұйымдардың 2-3 айлық қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді және онкология, қант диабеті, қан ұюының бұзылуы, ағзалар мен тіндерді трансплантаттау және басқа да маңызды бағыттарды қоса алғанда, аурулардың негізгі топтарын қамтиды.

Созылмалы аурулардың бір бөлігін ТМККК пакетінен МӘМС-ке ауыстыруға қарамастан, барлық мемлекеттік кепілдіктер толығымен сақталады, қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады. Тек қаржыландыру көзі өзгертілді. Қант диабеті, ревматоидты артрит, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер қажетті препараттарды толық көлемде алуды жалғастырады, - деді Тимур Мұратов.

Бес жылдың ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бір жарым есеге жуық - 115-тен 262 млрд теңгеге дейін өсті.

Президенттің баға белгілеу тетіктерін реформалау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі жұмыс жүргізді, оның негізгі нәтижесі генерикалық препараттарға шекті бағалардың түпнұсқа дәрі-дәрмектер құнынан 30%-ға төмендеуі болды. Референттік елдердің жаңартылған тізбесі және халықаралық деректер базасына қосылу 7,8 мыңнан астам сауда атауларының бағаларын қайта қарауға мүмкіндік берді.


Следующая →