ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды
Ертең облыстың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады
Фото:
Устинка LIVE
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 12 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстын, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.