ШҚО-да бүгіннен бастап балық аулауға тыйым салынады
Ертіс бассейні бойынша ақсаха балық түрлерінің балықтардың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салынады

Фото:
pexels
Тыйым салу мерзімі - 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген балық аулау қағидаларына сәйкес, "БШҒӨО" ЖШС Алтай бөлімшесі хатының негізінде ақсаха балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде мынадай жерлерде және мерзімдерде тыйым салу енгізілді:
- Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында және Ертіс өзенінде Өскемен ГЭС-інен Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі ГЭС-іннн Павлодар облысымен әкімшілік шекараға дейін, Қаныш Сәтбаев атындағы арнаның №1 су торабының су қоймасында
- Бұқтырма су қоймасында Казнаков өткелінен төменгі ағыс бойынша Бұқтырма ГЭС-іне дейін