Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
522.49
-5.82
601.07
-7.28
¥
73.34
-0.85
6.47
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 8 спорт нысаны салынып жатыр

Биыл 3 заманауи спорт кешені пайдалануға беріліп, 19 балалар футбол алаңы салынды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 8 спорт нысаны салынып жатыр
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облысында жалпы саны 1 628 спорт нысаны бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оның ішінде 439-ы дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы мекеме, 138-і спорт мектебі, ал 1 051-і білім беру ұйымдарының базасындағы спорттық нысан. Бұл мекемелердің 60 пайыздан астамы ауылдарда орналасқан, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта өңір бойынша 8 спорт нысанының құрылысы жалғасып жатыр. Биылдың өзінде 3 заманауи спорт кешені пайдалануға беріліп, 19 балалар футбол алаңы салынды. 

Бұдан бөлек, түрлі бағыттағы спорт нысандарын салу және жобалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. UEFA талаптарына сай III санаттағы жабық футбол стадионының, Республикалық ұлттық теннис академиясының көпфункционалды спорт кешенінің және республикалық маңызы бар спорттық-сауықтыру орталығының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Сондай-ақ Риддер мен Зайсан қалаларында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Өскеменде Волейбол орталығын салу бойынша жобалар дайындалған.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 17 спорт бойынша 4,4 мың бала тегін үйірмелерге қатысады. Жалпы облыста 80 спорт түрі дамып келеді. Оның 36-сы олимпиадалық спорт түрі.

Следующая →