Өскемен
Қалың бұлтты
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Семей
    -8°
  • Алматы
    +4°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
    -20°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Ақтау
    +3°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -18°
  • Көкшетау
    -18°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -20°
  • Петропавловск
    -20°
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
503.44
-1.73
593.35
-6.19
¥
72.57
-0.19
6.55
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Солтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестікті нығайтпақ

Шығыс Қазақстан облысы Солтүстік-Шығыс Азия елдері өңірлік әкімшіліктері қауымдастығына (СШАЕӨӘҚ) мүше болуға өтінім берді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО Солтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестікті нығайтпақ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл өңірдің халықаралық беделін арттыру мен экономикалық стратегиясын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Солтүстік-Шығыс Азия елдері өңірлік әкімшіліктері қауымдастығы - Қытай, Корея, Ресей, Жапония, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің 100-ден астам өңірін біріктіретін халықаралық платформа

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың жеке бастамасымен қауымдастыққа ресми өтініш Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігі арқылы СШАЕӨӘҚ хатшылығына жолданды. ШҚО-ның мүшелікке қабылдану мәселесі келер жылы Бурятия Республикасында өтетін қауымдастық отырысында қаралады, - деп мәлімдеді  ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Қазіргі таңда СШАЕӨӘҚ-ның корреспондент-мүшелері қатарында Хошимин (Вьетнам), Шу облысы (Қырғызстан) және Түркістан облысы (Қазақстан) бар. Шығыс Қазақстан төртінші қатысушы өңір атануы мүмкін.

Қауымдастыққа мүшелік Шығыс Қазақстанға Солтүстік-Шығыс Азия елдерімен сауда, көлік, логистика және инвестиция салаларындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, СШАЕӨӘҚ 1996 жылы құрылған.

Следующая →