Қарағанды қаласының тұрғыны әлемжеліде жазған пікірі үшін сотталды
Ұлттық және діни араздық тудыратын пікірі үшін сот азаматшаға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Алайда Алика Мұхамадиеваның кішкентай баласының болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, блогер "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "Мамбетами" деп, қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ еткен, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген.
Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды. Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды, - деп мәлімдеді Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты.
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық заңға 5 жылдан астам бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын жекелеген қылмыстарды қоспағанда, жас балалары бар әйелдер үшін жазаны өтеуді кейінге қалдыруды міндетті түрде қолдануды көздейтін өзгерістер енгізілгендіктен, бүгінгі күні жазаны кейінге қалдыру міндетті норма болып табылатынына назарларыңызды аударамыз.