Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
528.31
-2.16
608.35
-5.40
¥
74.19
-0.38
6.55
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін ШҚО-ның бірнеше өңірінде қар мен жаңбыр жауады

Осыған байланысты көлік жүргізушілеріне жолда абай болу ескертілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін ШҚО-ның бірнеше өңірінде қар мен жаңбыр жауады
Фото:
t.me/qazavtojol

4 қараша Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, СҚО, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. Жол жағдайы бойынша 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ.

"Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының мәліметінше, 4 қарашада ШҚО-ның батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болады.

5 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты қар күтіледі. Солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсуі ықтимал.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа, кейін батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

5 қараша күні түнде және күндіз ауа температурасы -5…-10°С, облыстың шығысында -13°С дейін төмендейді.

Следующая →