ШҚО-да қараша әдеттегіден жылы болады
Бірақ синоптиктердің болжауынша жаңбыр мен қар жиі жауады

"Қазгидромет" филиалының деректері бойынша, желтоқсан айы қалыпты көрсеткіштен суық, қаңтар айы – орташа климаттық мәннен 1°С төмен, ал ақпан керісінше, әдеттегіден 1°С жылы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өңірде 2025–2026 жылғы күз-қыс кезеңіне дайындық мұқият жүргізілді.
Автомобиль жолдарын қыста қардан тазарту үшін 957 бірлік техника дайындалып, қалалар мен аудандарға климаттық ерекшеліктеріне сәйкес тең бөлінген. Республикалық жолдарға "ҚАЖсервис" ЖШС ШҚОФ қызмет көрсетеді (103 бірлік техника, оның 95%-ы қалыпты жұмыс жағдайында). Облыстық жолдарға "ОблШығысЖол" ЖШС қызмет көрсетеді (119 бірлік, 93% дайындық). Аудандық жолдар мен елді мекендердің көшелерінде 735 бірлік техника жұмыс істейді, - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров.
140 мың литр жанар-жағармай материалдары, жолдардағы мұзға қарсы материалдар, 50 тонна техникалық тұз және 800 тонна көмір дайындалды. 2500-ден астам сигналдық таяқтар орнатылып, 1666 жасанды құрылыстар мен 96 көпір тазаланды. Қар мол жауатын жол учаскелерінде ("Өскемен – Тарғын – Самарс", "Теректі – Ұрынқай – Төсқайың", "Күршім – Қалжыр") қар ұстап қалатын қорғаныш панельдері орнатылып, жергілікті көшкін қаупіне қарсы шаралар қабылдануда.
Өңірде мүмкін болатын төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін 7865 адам жеке құрам және 913 бірлік техника, оның ішінде қар тазалау, инженерлік және эвакуациялық техника бөлінген. 7 жылу пункті және Привольное ауылында 1 трассалық медицина-құтқару пункті жұмыс істейді, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.